Бөкейорда ауданы

Бөкей Ордасы ауданында медиация кабинеттері ашылды

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Ә.Әметовтың тапсырмасына сәйкес, медиация институтын өркендету және ауыл тұрғындары арасында кеңінен тарату мақсатында Орда, Бисен және Мұратсай ауылдарында аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып Бөкей Ордасы аудандық сотының жергілікті әкімшілік ғимаратында медиация кабинеттерін ашу туралы көшпелі кездесулер өткізілді.

Асыл жандарды ардақтау – парыз

   Қалыптасқан дәстүр бойынша аналар мерекесі қарсаныңда Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов округтерден келген бір топ асыл жандарды қабылдады

Бөкей ордасында жалға берілген үйлерде тұратындардың қарызы 700 мың теңгеден асқан - БҚО

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында Бөкей ордасы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Ерік Хайыровтың ісі қаралды.

«АЛТЫН АЛҚА» ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аналар мерекесіне орай Бисен ауылының әкімі Бисен, Жиекқұм, Жамбыл, Көктерек ауылдарының «Алтын алқа» иелерін қабылдады.

Мерекелік шара «Дархан» тойханасындағы ақ дастарханда жалғасты. Ардақты аналарды мәдениет қызметкерлері мен өзге де қонақтар құттықтады.

Барша аналар атынан 80 жастан асқан Іңкәр әже ауыл әкімшілігіне алғысын білдірді.

БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардабын жою кезінде құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау мен жүргізуді пысықтау бағытын көздеген  «Көктем – 2014» оқу-жаттығу шаралары Бөкей ордасы ауданында да өтті.

Беттер

Subscribe to RSS - Бөкейорда ауданы