Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Орал тұрғыны соғыста қаза болған әкесінің бейітін 60 жыл өткен соң тапты

Орал қаласы тұрғындарының бірі Ұлы Отан соғысында қаза болған әкесінің бейітін Украинадан іздеп тапты.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: Оралда қазақ хандары бейнеленген дәптерлер басылып шықты

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасынан қазақ хандары бейнеленген жаңа дәптерлер басылып шықты.

Батыс Қазақстанда құлпытастарды зерттеу жұмыстары жалғасуда (ФОТО)

Батыс Қазақстан облысында Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ғалымдарымен бірге Мәулімберді, Қарақоға қорымдарындағы құлпытастар зерттелуде.

Астана күні мерекесінде «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында оралдықтар жаңа баспана иеленді

Астана күніндегі мерей жаңа пәтер кілтін иеленген тұрғындар қуанышына ұласты.

Орал қаласының Зашаған кентінде «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы ауқымында 9 қабатты үш тұрғын үй бой көтерген-ді. Кезек күттірген баспана мәселесі «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкінің салымшылары үшін де оң шешімін тапты. Енді, міне, 396 отбасы қоныс той кәдесін жасамақ.

Жарқын болашақ бүгінгі жарқын істерден бастау алады - Д.Құсайынов, БҚО

Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес жарқын болашақ бүгінгі жарқын істерден бастау алады. Бұл туралы БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде 765 мемлекеттік мәдениет ұйымы жұмыс жасайды. Мәдениет саласы қызметкерлері Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға жұмыла кірісіп, өз жұмыстарын барынша абыроймен атқарып келеді. Жолдаудың «Нұрлы жол» деп аталуының өзі бақытты болашағымызға бағыт сілтеп тұрғандай әсер қалдырады.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары