Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

«Жайық Пресс» ЖШС кәсіби мерекелерін кеңінен атап өтті (ФОТО)

Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында он екі аудандық, қос облыстық газеттің басын біріктіретін «Жайық Пресс» ЖШС Баспасөз қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара ұйымдастырды.

Салмақты кемелер ШЫҒАРЫЛМАҚ

Отандық экономикадағы жаңа сала кеме жасаудың қыр-сырын меңгерген «Орал «Зенит» зауыты» АҚ компаниясы жаңа инвестициялық жобаны қолға алды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-турда мәлім болды.

Қазақ хандығына 550 жыл: Оралда ағаштан жасалған қазақ батырының мүсіні ашылды (ФОТО)

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батырының мүсіні ашылды.

Мұның ерекшелігі - ағаш түбірінен ойылып жасалғандығында. Оған әуесқой мүсінші Болатбек Баймағамбетовтің бір айдай уақыты кеткен. Осы жерде қураған ағаштың түбірі тұрғанын байқаған ол көмекшісі Азамат Алагөзовпен бірге жергілікті тұрғындардың қолдауымен қазақ батырының бейнесін сомдап  шыққан.  

Социалистік Еңбек Ері, майдангер Қ.Серғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - БҚО

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Теректі ауданы Аңқаты ауылында Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабекес Серғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Құлпытастарды зерттеу жұмыстары басталмақ

Батыс Қазақстан облысының барлық ауданында көне қорымдар мен құлпытастарды зерттеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Беттер

Subscribe to RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары