«Азаматтық Альянс» азаматтармен

Жәнібек аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Қадырбековтың төрғалық етуімен жиын өтіп, оған дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2012 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Сонымен қатар мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру жөнінде тапсырма берген болатын, - деп жиынды кіріспе сөзбен асқан Аманжол Сансызбайұлы әрі қарай сөз кезегін «БҚО Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Түзелбаевқа берді.

Ол өз сөзінде «БҚО Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» ЗТБ мемлекеттік органдармен, азаматтармен, үкіметті емес ұйымдардың өкілдерімен азаматтық қоғамды қалыптастыру, азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруда ақпараттық деңгейін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы өй-пікірлерін бөлісті.

«Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз. Билікті жүзеге асырудың заңды және объективті түрде қызмет ететін формасы, онсыз мемлекет пен қоғамды басқару мүмкін емес. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аса маңызды сипаттамасы халықтың өз аумағының істерін тікелей немесе дербес басқару өкілдері арқылы басқаруды жүзеге асыруы болып табылады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті деңгейде өкілеттік институттарының белсенді қызметімен байланысты болатын мақсатқа бағытталған басқару үрдісі деп сипаттауға болады», - деген Гамал Бекболатұлы әрі қарай жергілікті өзін-өзі басқарудың ұғымы, құқықтық негіздері жөнінде жан-жақты түсінік беріп, залдан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз