Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласында «Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылмақ

2014-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекемелерге  дәрігерлерді  тарту және тұрақтандыру бағытында  ұзақ мерзімді «Жас маман» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы Қазталов ауданында өткізілген ана мен сәби және қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімді төмендету үшін шұғыл шараларды қолға алу жөніндегі өңірлік штабтың көшпелі отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Жұмағұлова мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, өңірде биылғы 4 ай ішінде 4068 нәресте дүниеге кел­ген. Алайда аудандарда сә­би өлі­мі  жойылған жоқ. Мұның өзі жас аналардың дүниеге сә­би әкелу­ге деген дайындықта­рының әлі де болса жоқтығын бай­қа­тады.  Осыған орай бола­шақ ана болатын жастар­ды от­ба­сылық, аналық өмірге  ерте бастан дайындау қажет. Бұл орай­да мектептерде «Қыздар», «Ұл­дар», «Баланы дамыту» мек­теп­тері ұйымдастырылып, ва­леоло­гия  сабақтары тиімді жүр­гі­зу­лері тиіс.

Сондай-ақ аудандық әділет департаменті бөлімдерімен бір­лесе отырып, «Отбасын жоспар­лау мектептерін» де ұйымдас­тыру қажеттігі туындауда. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында жүктілік болу фактілері жиі кез­десуде. Бұл, әсіресе, Бөкей ордасы, Ақжайық аудандарында  көрініс табуда. Осыған орай мұндай жағдайларға құқық қор­ғау органдары арқылы тиісті шаралар алынуы қажет. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан сәбиге жауапсыз қарау нәтижесінде өлім фактілері бар. Мұнымен қоса аудандарда  кейбір ата-аналардың діни те­ріс ағымға түсу нәтижесінде бала­ларының денсаулығын дәрі­гер­ге қаратпау да  белең ала түсу­де. Бұл жағдай Ақжайық ауда­­нында кездесіп отыр.

Аудандарда маман дәрігер­лердің жетіспеуі салдарынан ауыр науқастарды тікұшақ­пен Орал қаласына әкелу жағдай­лары кездесуде. Дейтұр­ған­мен, мына мәселені ескер­ген жөн. Мысалы, Бөкей ордасына сани­тарлық тікұшақтың бір ұшып барып-қайтуы 450 мың теңгені құрайды екен. Сондықтан аудандарда жас мамандарды тұ­рақ­тандыру жұмыстары жүргі­зі­луі тиіс. Қазіргі күнде облыс дәрігерлерінің  35 пайызы - зейнет жасындағылар. Былайша айтқанда, облыстық денсаулық сақтау саласы «қартайып» бара жатыр.

Бөкей ордасы ауданында «жедел жәрдем» автокөліктері ескірсе, Ақжайық ауданының орталық ауруханасына күрделі жөндеу қажет. Сонымен қатар Қазталов ауданының Ақпәтер ауылындағы амбулатория құлау қаупінде.

Кеңесте бұларға қоса ана мен бала, жалпы тұрғындар  денсаулы­ғын сақтау жолындағы күрделеніп тұрған мәселелер ашық айтылды.

Кеңес жұмысын қорытын­ды­лаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аудан әкімдеріне, денсаулық сақтау саласына бас­шылық ете­тін ау­дан әкімінің орынбасарла­ры­на, денсаулық сақ­тау қыз­меткер­леріне және ве­дом­ство­ара­лық мекемелерге нақты тапсыр­малар беріп, айқын міндет­тер жүктеді.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз