Батысқазақстандық қос дзюдошы ел чемпионатынан жүлделі қайтты

Шымкент қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан ел біріншілігі мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16 команда қатысты. Чемпионатта батысқазақстандық спортшылар да жүлдегер атанды. Атап айтқанда, 1993 жылғы Аңсар Хамзин 90, 1994 жылғы Гүлдана Әлмұхамбетова 52 келі салмақта қола медальді еншіледі. Олардың екеуі де жас, сондықтан болашағынан үлкен үміт күттіреді.
null

http://www.kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз