Батысқазақстандық тәртіп сақшылары баланы судан құтқарды

Батысқазақстандық тәртіп сақшылары он бір жасар баланы суға кетуден құтқарып қалды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш оқиға 9 тамыз күні Шалқар көлінде орын алған. Сол күні түске таман отбасымен суға шомылуға келген Сейітовтер отбасы аяқ астынан төтенше оқиғаға тап болады. Жанар Сейтованың сөзіне қарағанда, балалары жағалауда үрілген матрацтың үстіне мініп, жүзіп жүреді. Кенет құйындатқан  қатты желден толқын көтеріліп, матрацты іліп алып, көлдің ортасына қарай апарып тастайды. Матрацтың үстінде 11 жасар өзінің ұлы мен туысқан ағайынының қызы болыпты. Осы кезде көмекке ұмтылған баланың әкесі Ерлан дереу матрацтың артынан жүзіп жетіп, одан аударылған қызды көтеріп  алғанша, ұлы ағынмен ұзап кетеді. Тек баласына «матрацтан түсуші болма» деп айқайлап, ескертеді де, жағаға қайтуға тура келеді. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары келіп жеткенше, сол аумақта патрульдік қызметте жүрген тәртіп сақшылары баланы құтқаруға ұмтылады. Қызметтік қолданыстағы «Монтеррей» катерін дереу тұтатып, іске кірісіп кеткен полицейлер әп-сәтте-ақ баланы матрацымен бірге жағалауға жеткізіп, ата-анасына табыстады.  Сөйтіп олар он бір жасар баланы құтқарып, алғысқа бөленді.

е человеческое спасибо сотрудникам отдела природоохранной полиции УАП ДВД ЗКО за спасение своего сына на озере Шалкар.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз