Билік өкіліне күш қолданған тұрғынға 1 млн. жуық теңге айыппұл салынды - БҚО

Ақжайық аудандық сотының үкімімен П. ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлімімен (жаңа редакцияда) айыпты деп танылып, оған 991 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын ішімдік ішкен күйінде өз қызметтерін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, билік өкілдерінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданған. Яғни Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полициясы бөлімі учаскелік полиция инспекторын бетінен, сондай-ақ әкімшілік полиция инспекторын баспен ұрып, дене жарақатын салған.

Сот талқысы барысында құқық бұзушы кінәсін мойындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз