БҚО-да 25 бас мал жанып кетті

Ақжайық ауданындағы Құрайлысай ауылдық округінің орталығы Жұбанда 9 тамыз күні, сағат 04.30 шамасында көршілес қатар тұрған 3 тұрғын үйдің шаруашылық құрылыстарында өрт оқиғасы орын алды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, «тілсіз жаудың» кесірінен малдың қыстық азығын айтпағанда, бір тұрғыннан 5 ірі қара, тағы бірінен 20 бас қой жанып кетті. Сөйтіп қос бірдей тұрғын малсыз әрі пішенсіз қалды. Отпен алысу кезінде 1977 жылғы Бекболат Жапаров термиялық күйік алып, қазір аудан орталығында ем алуда.

Өрттің ұйғарылып отырған себебі - қасақана өртеу. Тиісті тексеріс амалдары жүргізілуде.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз