БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тауып, алтауы ауруханаға түсті

1 қазан күні сағат 17.00 шамасында Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жолының 68-шақырымында, Ақжайық ауданына қарасты Болдырев елді мекенінің тұсында «ГАЗ-3102» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Лада-21703» автокөлігімен соқтығысқан.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада-21703» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Осындағы бір жолаушы Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. Оған қоса  «ГАЗ-3102» («Волга») автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы да түрлі дене жарақаттарымен аталмыш ауруханаға жатқызылған. Жарақаттанғандар арасында сәби де бар. Жарақаты ауыр әйел адам санавиациямен облыстық ауруханаға жөнелтілді.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз