БҚО полицейлері видеожетон және алкотестермен қамтамасыз етілді

Батыс Қазақстан облысының полицейлері видеожетон және алкотестермен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда қызметкерлер жаңа құрылғыларды игеруде.

БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, 40 алкотестер сатып алынды. Олар саптық бөлімшелер қызметкерлеріне беріледі.

«Алкотестер оқиға орнында жүргізушінің қаншалықты мас екенін анықтауға мүмкіндік береді. Егер жүргізуші алкотестер мәліметімен келіспесе, ол наркодиспансерден растауды талап етуге құқылы», - деді ІІД ӘПБ басшысының орынбасары Талғат Ақаев.

Ал төске тағылатын видеожетондар екі бөлімше - Орал қалалық ІІБ мен Ақсай қалалық взводының қызметкерлеріне тапсырылды.

 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз