Әдет, салт

1. Сәуір болса, күн күркірер,
           Күн күркіресе, көк дүркірер.

2. Ауру қалса да, әдет қалмайды.

3. Қарға қарқылдаса, қысты шақырады.
           Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

4. Алты жасар бала атқа мінсе,
           Алпыстағы шал алдынан шығар.

5. Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.

6. Ат дорба түбін иіскемей тоймайды.

7. Сұрап алған аурудың емі жоқ.

8. Бір ит көріп үреді, бір ит еріп үреді.

9. Атының сыры иесіне белгілі.

10. Иттің ырылдасқаны - амандасқаны.

11. Ит иттігін қылмай қоймас.

12. Ит итаяғын жаламай көңілі көншімес.

13. Ел жатпай - ит тынбас.

14. Ит баласын ырылдап сүйеді.

15. Ит қорыған жерге өш.

16. Жетектеген ит аңға жарамас.

17. Таутекенің тауға шықпаса тұяғы қышиды.

18. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

19. Түйе алтын артып жүрсе де,
           Жантақ жеуін қоймайды.    

20. Түйенің сүйген асы - жантақ,
           Тиіннің сүйген асы - жаңғақ.

21. Түйе жантақ жемесе, тілі қышиды.

22. Ит үрген жерде ауыл бар.

23. Бөрі кәрісін ұрады.

24. Ит иттігін істемесе, іші ауырады.

25. Иттің мойнына алтын қарғы тақса да,
           Боқ жеуін қоймайды.

26. Тышқан көп жылы - тоқшылық,
           Қоян көп жылы - жоқшылық.

27. Кімді атасаң, сол келеді.

28. Желіккен төбет желге үреді.

Қазақ

Метко сказано: