Әділдік, шындық туралы

 

Әділдік, шындық туралы


Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.
Асан қайғы
Би - түзу, билік - әділ болсын!
Әлихан Бөкейханов
Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.
Әлихан Бөкейханов
Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.
Мұхтар Әуезов
Ақиқат - адал айтыстан туады.
Шерхан Мұртаза
Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.
Шерхан Мұртаза
Шындық - ащы һәм ажарсыз.
Шерхан Мұртаза
Шындыққа өлім жоқ.
Мақал - мәтел
Әділ бидің кегі жоқ,
Білімдінің кемі жоқ.
Би-шешендер
Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,
Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп.
Би-шешендер
Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.
Би-шешендер
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.
Би-шешендер
Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.
Шалгиіз Тіленшеұлы
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!
Төле би Әлібекұлы
Туралық - хақтың мейірі.
Сайф Сарайи
Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.
Сайф Сарайи
Ізгілік пен әділдік өлмейді.
Сайф Сарайи
Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.
Майқы би
Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі.
Әйтеке Байбекұлы
Өтірік пен шынның арасы - төрт-ақ елі.
Жиренше шешен
Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.
Жиренше шешен
Әділ сөз ащы көрінер.
Жүсіп Баласағұн
Әділ заң - тірегің.
Жүсіп Баласағұн
Әділдік жолын өзің аш.
Жүсіп Баласағұн
Әділдік әкімдіктен де күшті.
Жүсіп Баласағұн
Әділ сөйлеп, адал жүр.
Қожа Ахмет Йассауи
Ақиқат қашан да аңғал келеді.
Олжас Сүлейменов
Ақиқатты себеп-салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орайтәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.
Олжас Сүлейменов

Қазақ

Метко сказано: