Қадір-қасиет туралы

 

Қадір-қасиет туралы
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамаңдар ел қадірін не білсін.
Асан қайғы

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!
Асан қайғы

Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар.
Мұхтар Әуезов

Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет.
Мұхтар Әуезов

Адам ірілігі - бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерден құралады.
Мұхтар Әуезов

Тірлігінде қадірлемей, өлгенінде жылағаның құрысын.
Мақал - мәтел

Алтынның қолда барда қадірі жоқ.
Мақал - мәтел

Келіннің бетін кім ашса - сол ыстық.
Мақал - мәтел

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Мақал - мәтел

Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын.
Мақал - мәтел

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.
Би-шешендер

Көлде жүрген қоңыр қаз - шөл қадірін не білсін, шөлде жүрген дуадақ - көл қадірін не білсін.
Би-шешендер

Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің,
Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің.
Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің.
Би-шешендер

Өлгенді қадір етсек - қанға рауа.
Шәңгерей Бөкеев

Қадіріңді кетірме:ол - сенің таптырмас байлығың.
Сайф Сарайи

Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.
Құтып

Адамға тән бір жақсы қасиет - өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
Әбу Нәсір әл-Фараби

 

Қазақ

Метко сказано: