Қорқақтық, жасқаншақтық

1. Бөрікті тастап, бөріден құтылуға болмайды.

2. Жау жоқта жарақ көп, жау келгенде таяқ та табылмас.

3. У ішкен бір өледі, ант ішкен мың өледі.

4. Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа.

5. Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.

6. Қашқан жауға қатын да ер.

7. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

8. Қоян көлеңкесінен қорқады.

9. Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

10. Шегірткеден қорыққан егін екпес.

11. Ешкі қырыққан сайын бір өледі.

12. Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.

13. Сасқан үйрек артымен сүңгір.

14. Өлі бөріні ит аттамас.

15. Су жүрек бұрын өледі.

16. Қорқақты қуа берсең батыр болады.

17. Қорқақ қол бастамас.

18. Қорқақ тірідей өледі, жолдастары күнде көмеді.

19. Жылан шаққан, ала жіптен қорқады.

20. Қорқақтың қолы қысқа.

21. Қорыққанға қос көрінеді.

22. Қорқақтың сылтауы қойнында.

23. Опасызда Отан жоқ.

24. Өлімнен қорықсаң өлерсің.

25. Қорыққан бұрын жұдырықтар.

26. Қорқаққа құбыжық көп.

27. Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.

28. Батыр өлсе, аты қалады,
          Су жүрек өлсе, артында несі қалады?

29. Үріккен ит үш күн үреді.

Қазақ

Метко сказано: