Облыстық қазақ драма театрының ғимараты.

  2002 жылдың 11 –қыркүйегінде театр ғимаратының ашылуы барша Республиканың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. ҚР Президенті Н.Назарбаев Қарашығанақ Петролеиум Оперейтинг б.в.(КПО) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде салынған  қазақ драма театрының ашылу салтанатына қатысты. Бұл- Тәуелсіз Қазақстанда салынған бірінші театр және Орал қаласындағы тарихи орталықтың бірегей объектісі болып саналады. Театрдың бас көрермендер залы 280 орындық. Сахнаның көлемі- 15х21м. 2 әзірлік өткізетін залы, қоғамдық шаралар өткізетін холы,  құрметті қонақтар үшін зал, декорация дайындайтын цех, қазіргі заманғы топ-студия және қосымша жайлары бар. Театр ұжымы өзінің 13 жылғы қызметінде 2 рет республикалық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанып, республикадағы ең үздік театрдың бірі болды, 2005ж. театр ұжымы Қазақстанның драма өнерін көрсету құрметіне ие болып, Египетте өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысты.Қазақ драма театры әр түрлі өнер туындыларын жүзеге асыру үшін кездесетін қоғамдық өмірдегі нағыз мәдени орталыққа айналды. Ғимарат жертөле жайлары бар 3 қабатты, тастан салынған. Өзіндік архитектуралық үлгісі бар тікбұрышты және дөңгеленген пішінде. Мекен-жайы : Достық-Дружба даңғылы, 185.

 
 
Изображения: 

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз