Өзімдікі, біреудікі

1. Әркім өз бойына қарап тон пішер.

2. Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғайды,
         Бұршақ жауса, басын қорғайды.

3. Әркім қолындағысын теке атайды.

4. Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар.
          Кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар.

5. Кісідегінің кілті аспанда.

6. Шөмелені шөбім бар деме,
          Несиені малым бар деме.

7. Әркім өз мұңын айтады.

8. Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды.

9. Білек бір болса да бармақ басқа.

10. Кілем сатсаң аулыңа сат,
          Бір шетінде өзің де отырарсың.

11. Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды.

12. Өзі қылған өкінбейді.

13. Өзін ғана ойлаған - жамандықтың белгісі.
          Өзгені де ойлаған - адамдықтың белгісі.

14. Бақсының емі өзіне қонбайды.

15. Өзіңді олжалатпай өзгені олжалай алмайсың.

16. Тас түскен жеріне ауыр.

17. Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа.

18. Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?

19. Біреудікі біреуге қыздай көрінеді.

20. Атың болмаса, аяғыңа жалын.
          Аяғың болмаса, таяғыңа жалын.

21. Шайнаған бұйырған емес, жұтқан бұйырған.

22. Біреудің қолымен от көсеме.

23. Соқырдын қожасы - құлағы,
          Ақсақтың аяғы - таяғы.

24. Аурудың зардабын –
          Аурудың тақсіретін тартқан біледі.

25. Кісі аты тершең, кісі киімі кіршең.

26. Оң қолым, сол қолым - бәрі өз қолым.

27. Басқа үйдің жығуын білсем де, тігуін білмеймін

Қазақ

Метко сказано: