Үнемшілдік, үнемсіздік

1. Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.                                                                         

2. Есепсіз дүние жоқ.

3. Саумал ішсең қымыз жоқ,
         Байтал мінсең құлын жоқ.

4. Жыраққа қойсаң, жақыннан аларсың.

5. Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

6. Алтын тапсаң, санап ал.

7. Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.

8. Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның.

9. Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

10. Тамшыдан тама берсе, дария болар.

11. Судың да сұрауы бар.

12. Есептемегенге бәрі түгел.

13. Сауып ішсең, мың күндік, сойып жесең, бір күндік.

14. Атыңнан айырылсаң да, ер-тоқымыңнан айырылма.

15. Үзіп жеген үнемге жатпайды.

16. Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

17. Базары жақын байымас.

18. Үй болғанда көсеу де керек.

19. Қолдағының құны жоқ.

20. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

21. Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.

22. Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
         Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

23. Жұмыртқаны жегенің - тауықты құрттым дегенің.

24. Дария басы - бұлақ.

25. Шашу оңай, жинау қиын.

26. Атын алдырған ерін жоқтамайды,
         Басын алдырған сақалын жоқтамайды

Қазақ

Метко сказано: