Ұрлық

1. Түйені түгімен, атты жүгімен.

2. ¥рлық, ұрлық түбі - қорлық.

3. Түйе ұрлаған да - ұры, түйме ұрлаған да - ұры.

4. ¥рыны қарақшы ұрады.

5. ¥ры - қасық, ел - теңіз.

6. Ұрының қатыны өзіне лайық.

7. ¥ры жете алмайтын жаяудікін алады,
           Сұрай алмайтын таяудікін алады.

8. Бөрі көмеді, түлкі ашады.

9. Бөрі азығы мен ұры азығы жолында.

10. ¥ры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды.

11. ¥ры өле-өлгенше ақпын дейді.

12. ¥ры қосыларда бірінің аузын бірі жалайды,
            Ал айырыларда - ит болып таласады.

13. Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.

14. Көкек өз атын өзі шақырады.

15. Атақты ұры аштан өлер.

16. ¥ры бүлікке құмар, шыбын шірікке құмар.

17. Аңғырт бөрі қой үркітеді,
            Абайсыз ұры қолға түседі.

18. Түлкінің қызылдығы - өзінің соры.

19. Сұқ семірмес, ұры байымас.

20. Қуға қу намазшамда кездесер.

21. Көп жортқан түлкі терісін алдырар.

22. Жапалаққа күннен түн жарық.

23. ¥ры басқаның малын жейді, өзінің арын жейді.

24. ¥рының үйі көп: біреуінен алады, біреуіне береді.

25. Ақылды ұры өз ауылынан ұрламас.

26. Адам тілінен жазады, ұры ізінен жазады.

27. ¥ры бір түнде - бай, бір күнде - кедей.

28. Қасқыр қарызын терісімен төлейді.

29. ¥ры түн асқанша, бөрі қыр асқанша.

30. Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

31. Қасқыр мен ұры мінездес: екеуі де түнді аңдиды.
            Бұлбұл мен гүл мінездес: екеуі де күнді аңдиды.

32. Арамдық қып ішкен ас, ішіне барып болар тас.

33. Түлкіні түн асырайды.

34. Қонақ келсе - құт.
            Қарақшы келсе - жұт.

Қазақ

Метко сказано: