ВЕРНУТЬСЯ

        Ұйқыдан
соң

Жапырақпын

Жаңбыр шайып
жаңарған.

Ұйқыдан
соң

Құспын

Ұзақ ұшып көліне кеп дем алған.

Ұйқыдан
соң

Көк айдынмын

Мөлдіреген
шайқалып.

Ұйқыдан
соң

Ну орманмын

Желбіретіп
жайқалып.

Ұйқыдан
соң

Дауыл өткен,

Жауын өткен

Менде дала қалпы
бар.

Ұйқыдан
соң

Жаңа ашылған күн
көзіндей,

Жаңа ашылған гүл жүзіндей

Ой аспаным жарқырар!