Әзіл - қалжың

1. Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

2. Екі тентек елге сыймас.

3. Бір теңге беріп жырлатып,
           Мың теңге беріп қойдыра алмай.

4. Шоқығыш қоразға шыр бітпес.

5. Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады.

6. Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

7. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың.

8. Ойыннан от шығар.

9. Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.

10. Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.

11. Тентекке тіл жаңғырық.

12. Ойнаған бота от басар.

13. Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар.

14. Тентек - жұртқа тентек, өзіне мақұл.

15. Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

16. Өлейін деген тышқан
           Мысықтың қүйрығымен ойнайды.

17. Елде бір тентек жүрмей ме.

18. Әзілдің алысқа бармағаны жақсы.

19. Тентектің есіл-дерті - бұзу,
           Текенің есіл-дерті - сүзу.

20. Әзілің жарасса, атаңмен ойна.

21. Оңқа ойын бұзар, тентек тойды бұзар.

Қазақ

Метко сказано: