Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығы

Основная информация
Мекенжайы: 
Орал қ., Достық-Дружба д-лы, 215
Телефон: 
500370

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының  (бұдан әрі – ДАО) Аумақтық бөлімі Денсаулық сақтау министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен бірлескен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институтционалдық реформа жүргізу» жобасы шеңберінде 2011 жылғы қазан айында «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК филиалының базасында құрылды.
     ДАО негізгі міндеті – дәрілік заттар туралы нақты және кешенді ақпаратты ұсыну, телефон арқылы халықтың сұрау сауалына жауаптар беру, медицина қызметкерлеріне семинарлар өткізу, дәрілік заттарды рационалды қолдану бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы дәрілік заттарды рационалды қолдануға көмек көрсету.

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының негізгі қызметтері:

- әртүрлі ақпараттық арналарды пайдалану арқылы халыққа дәрілік заттар туралы сенімді ақпаратты ұсыну және жеке сұрау сауалдарға жауап беру;
- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну;
 -БАҚ –да жариялау, дәрілік бюллетендер, буклеттер және плакаттар түріндегі баспа ақпарат арқылы көп таралған патологиялар мен препараттарды қолдану, ықтимал жанама әсері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру;
- дәрілік заттар және дәлелді медицинаға негізделген олардың әсері бойынша сенімді ақпаратты жинау;
- медицина қызметкерлерін дәрілік заттарды рационалды қолдану саласындағы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- дәрілік заттарды рационалды қолдану бойынша әдістемелік материалдарды және оқу құралдарын әзірлеу;
- медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу;
- формулярлық комиссияларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.

Кадрлық құрам:

Бөлім басшысы - Сара Досмұханқызы Жидебаева, жоғары фармацевтикалық білімі бар,  «Фармация» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын бітірді,  Шымкент қаласы (1986 жыл).
Жұмыс өтілі:
1986 – 1996 жж.  білікті дәріші - сарапшы, технолог, Маңғыстау облысының Ақтау қ, дәріханаларының меңгерушісі.
1996 – 2000 жж.  білікті дәріші - технолог, БҚО, Орал қ. №85 ГП 1 санатындағы дәріхананың меңгерушісі.
2000 – 2009 жж. «Талап» АҚ №19 дәріханасының меңгеруші, дәріханалық қызметтің инспектор – білікті дәрішісі.
2010-2011жж. «Талап» АҚ аудандық дәріхана желісінің басшысы.
«Жол картасы -2010 жыл» бағдарламасы бойынша мен БҚО 14 фарммаркеттерін ұйымдастырып, ашты, 180 артық адам оқытылып, жұмыс орындармен қамтамасыз етілді, осы еңбектері үшін «Жыл жаңалығы» және  «Жыл таңдауы» номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
10.10.2011ж. БҚО ДАО басшысы
Марапаттары: Алматы қ. 1987 ж. «Жылдң үздік провизоры» республикалық байқауының жүлдегері. «2010 жылдың үздік провизоры» республикалық байқауында бірінші орын алды. ҚР ДСМ құрмет грамотасымен және дипломымен марапатталды. «Алтын қол мастеры»-1987ж. Қазақстанның ЦК ЛКСМ  белгісімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, ынталандыру гранттарымен марапатталды, 2005 жылдан бастап «қызмет үзігі-провизор» алтын бейджінің иегері болып табылады.

Мамандар:
Зәуреш Қырғызбайқызы Рысдаулетова – ДАО маманы, жоғары фармацевтикалық білімі бар.
Еңбек өтілі: 1984-1986 жж. – провизор, Жамбыл қ. № 100 ауданаралық дәріханасы.
1986-1987 жж. – провизор-технолог, Алматы қ. №2 қалалық ауруханасының № 62 ауруханалық дәріханасы.
1987-1994 жж. – Орал облысының Орал маңы ауданының № ОАА аға провизоры.
1995-1998 жж. – «Фармсервис» ЖШС дәріханалық киоскының меңгерушісі.
2000-2002 жж. – «Желдорфармация» ЖШС Орал филиалының меңгерушісі, «Фармация» АҚ дәріханалық қоймасы меңгерушісінің орынбасары.
2002-2003 жж. – БҚО бойынша ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылаудың жетекші маманы.
2004-2007 жж. – Орал қ. «Алфарма» ЖШС филиалының директоры.
2007-2011 жж. – жеке кәсіпкер, дәріхана арқылы ДЗ бөлшек сату.
10.10.2011 ж. бастап – БҚО бойынша Дәрілік ақпарат орталығының маманы.

2012  жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанда Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының халыққа арналған 8 800 080 88 87 бірыңғай телефон желісі құрылды. Жаңа call-қызмет халыққа дәрілік заттардың қолжетімдігі мен сапасын арттыру негізгі бағыты болып табылатын 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс істейді.   

Қазақстан аумағында кез келген стационарлық телефоннан қоңырау шалу – тегін. Аталған желі дәрілік заттарды орынды әрі қауіпсіз қолдану мәселелері бойынша консультацияға мұқтаж азаматтарға арналған. Сall-қызметке қоңырау шалып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілерге құқықтары, дәрілік заттарды ауыстыру мен сақтау шарттары, препараттардың тиімділігі мен ықтимал жанама әсерлері жөніндегі ақпараттарды алуға болады. Өз жұмысында Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының мамандары дәлелдемелі медицина көздері мен дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасын қолдана отырып, толығымен объективті және дәйекті ақпарат ұсынады.     

Жұмыстардың жекелеген топтамасы препараттардың өзара әрекеті, дәрілік заттарды халықаралық стандарттарға сәйкес орынды белгілеу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге кеңес беруге арналған. Жаңа call-қызметтің халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және медикаменттерді орынсыз қолдануға жол бермеуге бағытталғанын ерекше атап өту қажет.      

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталықтары өз қызметін  елдің 16 аймағында ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК базаларында жүзеге асырады. Орталықтың негізгі міндеттері дәрілерді орынды қолдануға жәрдемдесу, формулярлық жүйені дамыту, сондай-ақ халықтың медициналық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Сall-қызмет 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс күндері, Астана уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
 

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз