Елбасы өткізген телекөпір барысында Ақсай индустриялық паркі таныстырылды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткізген тікелей телекөпір барысында БҚО-ның Ақсай қаласында индустриялық парк таныстырылды.

«Ақсай индустриялық паркі» ЖШС бас директоры Марко Кастанини еліміздегі заманауи жоғары технологиялы трансферттермен қамтамасыз ету үшін өнімдерді шығару және экспорттауда халықаралық инвесторлар мен олардың қазақстандық серіктестеріне қызметтер мен нысандар кешенін ұсыну мақсатындағы Қарашығанақ кенішіне қажетті құрал-жабдықтарды өндіруді бастап жатқан парк жұмысы жөнінде әңгімелеп берді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Ақсайдағы маңызды нысанның жұмысымен телекөпір арқылы танысып, елдің батыс өңіріндегі өнеркәсіптің дамуына серпін беретін аталмыш қадамға сәттілік тіледі.

М.Кастанинидің сөзіне қарағанда, паркте 13 компания өз жобаларын жүзеге асырады. Мәселен, «Сферова Казахстан» компаниясы жоғары қысымды сутегі ортасындағы жұмыс үшін жоғары сапалы клапандар, «TEMATECH» гидравликалық панельдер, «ALUMINIUM TECHNOLOGIES» орман монтаждау құрылымдарын шығарады. Ал «СONTRAFLEX» және «FNC» компаниялары өрт дабылы жүйесі және жарылыстың алдын алу бойынша әлемдегі жетекші компаниялар болып саналады. Сонымен қатар жаңадан тағы 10 өндіріс орнын ашу көзделуде.

Айта кетейік, индустриялық парктің жобалық құны 1,4 млрд. теңгеге бағаланған.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз