Ірі көлемде есірткі тасып, қашып кеткен жүргізуші тоғыз жылдан соң табылып, жазаланды - БҚО

Бұл оқиға 2005 жылғы желтоқсан айында орын алған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Шымкент қаласынан келе жатқан «Нива Шевроле» автокөлігін жол полициясы қызметкерлері тоқтатқан. Алайда құжат тексеру кезінде жүргізуші автокөлігіне отырып, қатты жылдамдықпен Орал қаласына қарай қашқан. Жолшыбай автокөліктен жол сөмкесімен секіріп түскен жолаушы С.Фролов полиция қызметкерлерінің қолына түскен, алайда көлік жүргізушісі сытылып кеткен.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес сөмкеден 16 келі 852 гр. марихуана, 41,24 грамм анаша шыққан.

Жүргізуші Б.Жұмановқа қатысты қылмыстық іс оның іздестірілуде болғанына байланысты тоқтатылса, С.Фролов сол кезде әділ жазасын алған еді.

Сол Б.Жұманов биыл жазда табылып, Оңтүстік Қазақстан облысы полицейлерімен құрықталып, Оралға қайтарылды. Қылмыстық іс қайта жанданып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа берілді.

Соның нәтижесінде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Жұманов ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлігі «а, в» тармақтарымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды. Сот бұл ретте оның қылмыстық іс-әрекетінің аса қауіптілігін де ескерді.

http://www.kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз