Қаратөбе ауданының қол күресшілері ерледі

Тасқала ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы  жеңістің  70 жылдығына арналған қол күресінен (армрестлинг) ерлер және жастар арасында ашық біріншілік өтті.Аталмыш жарысқа жалпы 11 команда, 150-ге тарта спортшы қатысты. Солардын қатарында Қаратөбе ауданының намысын қорғап жүлделі орындарға ие болған Қаратөбе  аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығушы  жас спортшылары болды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары және медалдарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Ерболат РАЙСОВ

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз