Қаратөбе өңірінде Мәуліт мерекесі мерекеленді

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында Мәуліт мерекесіне орай «Иман – жанның тазалығы» атты рухани-танымдық кеш оздырылды.

Қаратөбелік ағайынды Мәуліт мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов имандылық пен адамгершілік тақырыбында сөз сөйледі.

Одан соң аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев сөз алып, Мәуліт мерекесі турасында келелі әңгіме қозғап, тереңнен ой өрбітті.

Имандылық кешінде діни, адамгершілік тақырыбында сахналық қойылымдар қойылып, жергілікті өнерпаздар Кенжегүл Малдуова, Мерей Амангелдиев, «Қаратөбе» триосының орындауында жанға шаттық сыйлар әндер шырқалды.

Жиналғандарға діни-танымдық бағыттағы кітаптар таратылды.

Экраннан тәлім-тәрбиелік мәні бар ұлағатты бейнекөрсетілімдер де көрсетілді.

www.zhaikpress.kz
Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз