Қазақстандықтар Жеңіс күнін тойлайды

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік басты мерекелердің бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні аталып өтеді.

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таң сібірлеп атып келе жатқанда басталған. Фашистік Германия 1939 жылғы кеңестік-германиялық келісімді бұзып, КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған.

Майданға Қазақ КСР-нан 1,2 миллионнан астам сарбаз, 12 атқыштар, төрт ковалериялық дивизия, жеті атқыштар бригадасы, 50 шақты жеке полктар мен батальондар жұмылдырылды. Ұлы Отан соғысы кезінде барлығы 497 қазақстандыққа Кеңес Одағынның Батыры атағы берілді.

Сұрапыл соғыс КСРО жеңісімен аяқталды. Фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге 1945 жылы орталық еуропалық уақыт бойынша 8 мамырда сағат 22:43-те (Мәскеу уақыты бойынша 9 мамырда 00:43-те) Берлиннің іргесіндегі елдімекенде қол қойылды. Тура осы уақыт айырмасына байланысты Жеңіс күні Еуропада 8 мамырда, ал КСРО-да, одан кейін ТМД елдерінде 9 мамырда аталып өтеді.

Жеңіс Күні құрметіне орай, дәстүрлі түрде Қазақстанның барлық ірі қалаларында мерекелік шаралар өткізіледі. 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз