ҚР Премьер-Министрінің кеңсе инспекторы Зеленов ауданында болды

Зеленов ауданында жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің кеңсе инспекторы Серік Ғизат болды.

Мемлекеттік бағдарламалардың өңірде қаншалықты іске асып жатқандығын бақылау мақсатымен келген мәртебелі мейман Погодаево ауылындағы «Ақбұлақ» бағдарламасының қалай іске асып жатқандығы, Мичурин ауылдық округіне қарасты Зеленое ауылын газдандыру жұмысының жай-күйімен, сол Мичуриндегі «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауыл мектебіндегі жұмыс барысымен, «Шонайбеков», «Алтын болашақ» сияқты шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Сондай-ақ Дариян ауылындағы Шолохов мұражайына да бас сұқты.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз