Макаров картоптары өнім бере бастады

Зеленов ауданында орналасқан Макаров ауылы картоп өнімдерімен өңірге әйгілі. Биыл да округте орналасқан 10–нан астан картоп шаруашылығымен айналысатын шаруалардың қимылдары ширақ.

Бұл кезеңде бау-бақша өнімдерінің жиын-терін жұмысы басталып, бағбандар қызу еңбекке кірісіп те кетті. Макаровтағы «Предко» шаруа қожалығында болып, жұмыс науқанымен танысқанымызда алқапта еңбек қайнап жатыр екен. Биыл 50 гектар жерге картоп егіліп, күніне 20 тонна өнім өндіруде. Жиын-терін жұмысына 10 техника жұмылдырылып, 12 тұрақты адам, барлығы 50 адам жұмыс істеуде. «Биылғы ауа райы қолайсыз болғанымен, өнім жаман емес. Жинап алынған өнімді қаладаға «Алтын алма», «Мирлан» базарларына тапсырамыз.

Сондай-ақ өнімдерімізге Атырау, Ақтобе, Қостанай секілді қалалардан сұраныс көп түседі. Қазіргі бағасы 50-55 теңгеден»- дейді шаруашылық иесі Александр Предко.

www.zhaikpress.kz, Надежда Есетова, Зеленов ауданы
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз