Мегажоба Тасқалаға жетті

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегежобасы Тасқала ауданында жалғасын тапты. Казталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр бастаған бір топ делегация Тасқалаға келді. Шараға Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ғайса Қапақов қатысты.

Қос ауданның атқамінерлері алдымен бейбітшілік пен ұлтаралық келісім, тұрақтылық пен тыныштық бағытында өткен «Қазақстан - достықтың зәулім сарайы» деп аталатын дөңгелек үстелге қатысты. Басқосуды Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев жүргізіп отырды. Кездесу барысында қонақтар Ассамблеяның XXI сессиясында айтылған нақты істерді сөз етті. Жиналғандар осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, өзара тәжірибе алмасты.

Жиын соңында аудан әкімдері көрші жатқан қос аудан арасындағы достық қарым-қатынасты жандандыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Соңынан Казтолов ауданының көркемөнерпаздары әзірлеген мерекелік концертті тамашалады. Тамаша концерттен соң Казталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиевке мегажобаның эстафеталық кітабын салтанатты түрде табыс етті.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз