Оралда 3 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші есірткі шегіп алған

Орал қаласында автокөлігімен 3 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші есірткіге мас болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 32 жастағы жүргізуші кеше түсте «ГАЗ-53» автокөлігімен (ассенизатор) №30 орта мектеп маңында 3 жасөспірімді қағып кеткен.

«Жол апаты салдарынан 2009, 2010 және 2011 жылғы қыздар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптамаға сәйкес жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудың әсерінен есірткіге мас болған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне (жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге абай болып, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз