Ақсайда гір спортынан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Ақсай қаласында гір спортынан жастар, жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, еліміз облыстарынан қатысқан мықты командалар арасынан батысқазақстандықтар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, жасөспірімдерден Расул Төлеуов 85 кг, қыздардан Роза Варданян 68 кг салмақта күміс жүлдегер атанды.

Андрей Наугольный жастар арасында 95 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Командалық эстафетада БҚО құрамасы үшінші орынды еншіледі. Ал Виктор Друзик халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Спортшыларды гір спортынан БҚО құрамасының аға бапкері Мұрат Ибатов дайындады.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз