Ақтөбеде бесінші қабаттан құлаған 2 жасар сәби талға ілініп қалды

Ақтөбеде екі жастағы бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетіп тірі қалды. Кішкентай сәби бірінші талға ілініп, кейін жұмсақ топырақтың үстіне түскен екен. Қазір бала ауруханада жатыр.

 
Ақтөбеде бесінші қабаттан құлаған 2 жасар сәби талға ілініп қалды

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қалыпты деп хабарлайды 31 арна.

Бұл жайсыз оқиға осыдан 3 күн бұрын болған. Анасының айтуынша, баласын ұйықтатып, үйдегі үлкендерге тапсырып, өзі дүкенге кеткен. Ал, бала анасы үйден шыққан бойда оянып, терезеге жүгірсе керек. Ашық тұрған терезенің торына жармасып, абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткен.

Періштесі қаққан сәби бірінші талға ілініп барып, топыраққа құлаған. Құлаған кезде бала терезедегі торға жармасып айырылмаған, көп соққыдан сол тор сақтап қалған дейді дәрігерлер. Екі күн жансақтау бөлімінде жатқан бала бүгін хирургия бөліміне шығарылды.

Дәрігерлер қазіргі күні баланың жағдайы жаман емес деп отыр. Бала ем -домын уақтылы қабылдап жатыр.

nur.kz
Бөлісу: 

Пікірлер

Сауыгып кетсин

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз