Ауылында қанша өзен бар екенін білмейтін шенділер Сапарбаевтан сөз естіді

Мұғалжар ауданына барған сапарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауылында неше өзен барын білмейтін шенділерді сынға алды деп хабарлайды «Ақтөбе-ақпарат».

 

Аймақ басшысы ауылдық округтер мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің жұмысына қатысты сын айтты.

Ауылында қанша өзен бар екенін білмейтін шенділер Сапарбаевтан сөз естіді

"Ауданның экономикалық көрсеткіштері өткен жылғыдағыдан төмен болмауы тиіс. Әзірге бұл тапсырма орындалған жоқ. Сіздің аудан көптеген көрсеткіш бойынша артта қалып келеді. Неге ауданда әлі күнге дейін ауалшаруашылығы өнімдерін өндіретін бір де бір цех жоқ? Неге суармалы жерлердің көлемін ұлғайту  жұмыстары дұрыс жүргізілмейді? Аудандағы өзендерді ауылшаруашылығы қажеттіліктері үшін барынша пайдалану қажет деп тапсырған болатынмын, бірақ сіздер, тіпті қанша өзен барын білмейді екенсіздер", — деді Сапарбаев.

Бұған қоса жиында оқушыларды жаңа мектеп формасымен қамтамасыз ету, бұқаралық спортты дамыту, аула клубтарын ашу мәселелері де сөз болды.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз