Айт алдындағы шара

 Бөкей Ордасы ауданының Мұратсай ауылдық кітапханасында кітапханашы, жастармен жұмыс жөніндегі маман және ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Алғыс – сөздің асылы» атты «дөңгелек үстел» оздырылды. Қазақтың Көрісу айты қарсаңында өткен бұл шарада Б.Берқалиева «Алғыспен ер көгерер» атты баяндама оқыса, кітапхананың тұрақты оқырманы, қадірменді Р.Ашенов ағамыз қатысушыларға ризашылық хақында түсінік берді.


Ал, А.Құсайынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ш.Қазенова үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетудің мәніне кеңінен тоқталды. Осы ретте кішкентай оқырмандар өздерінің ыстық лебіздерін көпшілікке білдіріп, бұл үрдісті Көрісу айт кезінде де, жалпы, қай уақытта да еш ұмытпайтынын жеткізді.

Райымбек НҰРҒАЛИЕВ

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз