Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептердің үштілді білім беру жүйесіне 2019 жылдан бастап өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Бұған дейін үлкен дауға ұласқан осынау реформаны 2016 жылдың қыркүйегінен бастап немесе 2023 жылы енгізеді деген алыпқашпа әңгіме ел ішінде желдей гулеген болатын.

"Алыпқашпа әңгіменің өршуіне себеп болған министр Ерлан Сағадиевтің өзі еді. Алматыдағы жиындардың бірінде ол 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдегі орта оқу орындары үш тілде білім беретінін сүйіншілеп жеткізді. Алайда, оның бұл бастамасын қолдаушылардан қарағанда қарсы шыққандардың саны әлдеқайда көп болды", - деп жазады басылым.

Енді министрлік үштілділік реформасын 2019 жылдан бастағанды жөн көріп отыр. Кеше ведомствоның фэйсбуктегі ресми парақшасында мынадай анықтама-брошюралар пайда болды. Яғни, өзгешелік алдымен тек 10-11 сынып оқушыларын қамтыса, өзге сыныптардың тағдыры әзірге айтылмай отыр.

Білім және ғылым министрлігі үштілді білім беру жүйесіне өтетін нақты уақытты мәлімдеді

nur.kz
Бөлісу: 

Пікірлер

дұрыс болыпты, қазірден бастап ұстаздардыдайындау керек, 2019 жылдан бастап көшеміз

Бұл шешімді ертерек шешкедері қуантады. Енді балалар алаңдамай оқи берсе болады. Білім және ғылым министрлігі үштілдік мәселесін 2019 жылдан бастап енгізіледі деп айтқан болатын.

Жақсы бүл мәселе ертерек шешілгені. Ата-аналарда аландамайтын болады. 2019жылға дейін ұстаздарды жақсы дайындау қажет. Бұл үштілдікті балаларға үйрету онай емес. Егер мұгалім жақсы маман иесі болып осы үш жылдын ішінді жақсы менгерсе. Балаларға түсіндіріп үйрету қиынға соқпайды.

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз