БҚО-да ер адам 176 кг бекіре балығымен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында бекіре балығын заңсыз тасымалдап бара жатқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицейлер Орал-Желаев тасжолында түнгі уақытта жүк көлігін тоқтатқан. Рульде Орал қаласының 48 жастағы тұрғыны болған. Тексеру барысында көліктің кузовынан 176 кг бекіре тұқымдас балық анықталды. Ер адамның балықты тасымалдауға тиісті құжаттары болмаған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салайық, БҚО-да 348 дана киік мүйізімен ер адам ұсталған болатын.

https://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз