Қазақстанның батысында Көрісу айты тойлануда

14 наурыз Батыс Қазақстан облысында ежелден Көрісу айты ретінде тойланып келеді.

Бұл күні жасы кішілер елдің үлкендеріне барып, көрісіп, батасын алады. Көрісу айты кезінде дастархан жайылып, мейрам ретінде аталып өтіледі. Адамдар бір-біріне құшақ жайып, емен-жарқын амандасып, реніштері болса, кешіреді. «Айттан айтқа аман-есен жетейік!» деп ақ тілектерін білдіреді. Мұндай ұлттық мейрамға теріс қараған кеңес дәуірі кезінде де Көрісу күні ұмыт қалған жоқ.

Осы ежелгі мейрамды жаңғырта түсу мақсатында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бүгін «Көрісіп, батасын ал ақсақалдың» атты мерекелік шара ұйымдастырып отыр. Орталықтан түскен мәліметке қарағанда, жастар Орал қаласындағы зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлеріне, майдангерлер мен білім саласының ардагерлеріне арнайы барып, көрісіп, мерекелік көңіл-күй сыйламақшы.

Айта кетейік,  көрісу күні Маңғыстау облысында Амал мейрамы ретінде тойланады.

Елжан Ералы

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз