Кеңес отырысы өтті

   Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы оздырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев төрағалық етті.

       Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының діни экстремизм және терроризм идеологиясы таралуының алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы аудан көлемінде діни экстремизм мен терроризмді алдын алуға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түрлі форматта 4900 адамды қамтыған 71 шара, соның ішінде 2 кеңес, 59 кездесу, 1 семинар, 8 дөңгелек үстел, 1 акция өткізіліпті. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұратқали Ғазезов аудандағы барлық мектептерде «Әлем қауіпсіздігі баршамызға ортақ» атты тақырыпта онкүндік ұйымдастырылғанын өз баяндамасында мәлім етті. Сондай-ақ, білім ошақтарында аталған мәселеге байланысты түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер мен тәрбие сағаттары оздырылыпты.

         Басқосу барысында аудандық орталық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев пен «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов сөз алып, тек оқушылар емес, ата-аналар арасында да діни сауаттылықты арттыру бағытында жұмыстар атқару қажеттігін жеткізді.

         Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына аудан орталығындағы, ауылдық округтердегі имамдарды да қосу қажеттігін және діни ахуалды тұрақтандыруға арналған жиналыстарға барлық ауыл тұрғындарын қатыстыру керек екендігін атап айтты.

Д.ОРАЗАҚАЙ,

Жәнібек ауданы.

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз