Мәжіліс депутаты БҚО-да «SunkarSmartSity» жобасының жұмысын қадағалады

Бүгін Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутат аудандағы атқарылып жатырған жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесіп,  бірқатар өндіріс нысандарын аралады.

«Біздің басты мақсатымыз – еліміздің өңірлерін аралап, халықтың жай-күйімен танысу. Барлық жағынан қарапайым ауыл азаматтарының әлеуетін арттыру, әр сала бойынша қолдау көрсету. Өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығы, инновация т.б. салалары бойынша жұмыс барысын қадағалау», - деді Сәкен Қаныбеков.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты аудандық полиция бөлімінде болып, «SunkarSmartSity» жобасының жұмысын қадағалады. Жоба жетекшісі Александр Молчановтың айтуынша, қосылғанына аз уақыт болған бейнебақылау камераларының арқасында тоғыз қылмыс ашылды. Орын алған қылмыстардың қатарында зорлық-зомбылық, ұрлық қылмысы т.б. бар. Осылардың ішінде ең көп орын алғаны – бөгде біреудің затын жымқыру.

Сапар барысында депутат zem.kz сайтымен және Бәйтерек ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы барысымен танысты.

«Zem.kz сайтынан бос жатқан жерлер, кезекте тұрғандар мен жер учаскелерін алған адамдар, аукционға қатысушылар туралы ақпараттар берілген. Егер бір адам құрылыс жүргізбек болса, осы көрсетілген сайтқа кіріп, жерді таңдап, сол бойынша лоттың алғашқы жарнасын төлеп, ЭЦҚ алып тіркеледі. Содан соң тапсырыс бере алады. Біз тапсырысты ғаламтор арқылы қарап, барлығы талапқа сай болса, аукционға қатысуға рұқсат береміз. Бүгінгі таңда үй салу үшін сегіз мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Тұрғын үй салу үшін Переметный, Белес және Володарка ауылдарынан жер берілуде. Енді күзде жер телімі Дариян ауылынан берілетін болады», - деді аудандық Жер қатынастары бөлімінің заңгері Нұржан Ешмұратов.

Өз кезегінде депутат ауданда атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын беріп, аймақтағы өзекті мәселелерді назарға алды.

 

https://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз