Назарбаев: Елеусіновтің жеңісі барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев: Елеусіновтің жеңісі барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ФОТО: АКОРДА

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.

Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов алтын медальға ие болды.

/www.nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз