Оралда 402 дана киік мүйізі тәркіленді

БҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тағы бір қылмыстың бетін ашты.

Оралдағы теміржол вокзалы аумағында 1967 жылы туған азаматтың басқаруындағы шетелдік жеңіл көлікті тоқтатып, тексеру барысында жүк салғышынан сирек тұқымды жануар саналатын киіктің 402 дана мүйізі табылып, тәркілеуге алынды. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір құқық қорғау органының қызметкерлері кешенді жедел іздестіру, тергеу жұмыстарына кірісті. Авторы: Талғат СерікқалиұлыБҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тағы бір қылмыстың бетін ашты. Оралдағы теміржол вокзалы аумағында 1967 жылы туған азаматтың басқаруындағы шетелдік жеңіл көлікті тоқтатып, тексеру барысында жүк салғышынан сирек тұқымды жануар саналатын киіктің 402 дана мүйізі табылып, тәркілеуге алынды. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір құқық қорғау органының қызметкерлері кешенді жедел іздестіру, тергеу жұмыстарына кірісті.

Талғат Серікқалиұлы

 

 

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз