Оралда корейше жаңа жыл мерекесі тойланды

   Орал қаласындағы Достық үйінде корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен корейше жаңа жыл мерекесі тойланды.

Шараға қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев корей ұлтының өкілдерін дәл осы күндері аталып өтілетін жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.


Е.Тоғжанов ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін БҚО корей этномәдени бірлестігінің ұжымына Қазақстан халқы Ассамблеясының алғысхатын табыс етті.

Аталмыш бірлестік төрағасы Максим Пактың айтуынша, Соллаль мерекесінде корей ұлтының өкілдері ең алдымен жасы үлкендерге құрмет көрсетеді. Бұл күні жастар қара шаңыраққа барып, ақсақалдарға сәлем беріп, батасын алады.

Шара барысында ұлттық киімдерін киген корейлер өз салт-дәстүрі мен өнерлерін де көрсетті.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз