Оралда әйелді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

57 жастағы Лариса Токареваға өз пәтерінде қарақшылық шабуыл жасалған. Қазір оның бірнеше жерден салынған пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталып отыр. Әйелінің қан-жоса болғанын алғаш болып көрген күйеуі бірден жедел жәрдем шақырады. Алайда жәбірленуші келесі күні ауруханада қайтыс болды. БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің бет-бейнесін жедел анықтауға тұрғындар көмектескен. Бұлтартпас дәлелдерден кейін 24 жастағы қала тұрғыны қылмысын мойындады. Қазір ұсталған азамат қамауға алынды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

http://24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз