Оралда жылу маусымына дайындық 70%-ға аяқталды

Орал қаласында жылыту маусымына дайындық 70%-ға аяқталды.

Шаһарда жалпы ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын екі магистральды жылу желісін жаңғырту жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 1 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Мамандардың мәлімдеуінше, 20 жылыту қазандығының 11-і қысқа дайын, қалалық жылу электр орталығында барлық жабдықтар ағымдағы жөндеуден өткен. «Жайықжылуқуат» мекемесінің өз есебінен бұл жұмыстарға қосымша 600 миллион теңге жұмсалған. Енді алда 1 мың 200-ге жуық көп қабатты үйді қысқа дайындау жұмыстары күтіп тұр. Барлық әзірлікті қыркүйекте аяқтау көзделген.

Болат Батаев, жылумен қамтушы кәсіпорынның бөлім басшысы: - Жылу электр орталығын жөндеуге 400 миллион теңге, жылу желілерін жамап-жасқауға, жаңартуға 200 миллион теңге бағыттадық. Қазіргі дайындығымыз 71 пайызды құрайды. Жылу желілері 61 пайызға жөнделді. Жоспарлы 5 шақырым жылу құбырының 5,7 шақырымын жөндедік.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/256655-oralda-zhylu-mausymyna-dajyndy-70-a-aya-taldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз