Салт – дәстүр – асыл қазына

   Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында Жәнібек ауданы Қамысты ауылында «Ата – баба дәстүрі – әдептілік негізі» атты ток шоу өткізілді. Шараға ауылдағы «Күншуақ» әжелер ансамблінің мүшелері мен ауыл имамы  арнайы шақырылды.


Ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік салт-дәстүрлері ауылда тұрмыстық негізде кеңінен қолданылуда. Сол дәстүрлер төңірегінде ой қозғалған бұл шарада әр дәстүрге түсінік берілсе, әжелер дәстүрлердің көрінісін көрсетті.

Шара барысында «Шілдехана», «Ат қою», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Тілашар», «Сүндет тойы» сияқты дәстүрлер көрсетілсе, «Сүйінші», «Байғазы», «Көрімдік», «Тоқымқағар», «Базарлық», «Ерулік» және т.б. ұғымдар туралы айтылып, түсіндірілді. Сонымен қатар шара барысында барлық қатысушылар әжелердің арнайы дайындап алып келген, мейрамның ең басты ұлттық тағамы – Наурыз көжеден дәм татып, тойдың шашуынан ауыз тиді. Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор болғаны сөзсіз.

Н.Өтей

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз