Шымкентте кәріз шұңқырын тазалап жатқан азамат есінен танып төменге құлап кетті

Шымкентте жеке үйлердің бірінің кәріз шұңқырын тазалап жатқан 29 жастағы азамат кенеттен басы айналып, есінен танып төменге құлап кеткен.

 

Шымкентте кәріз шұңқырын тазалап жатқан азамат есінен танып төменге құлап кетті

Көрнекі фото: otyrar.kz

4 метр тереңдікке түскен жігітке ауа жетпей қалған деп хабарлайды 31 арна.

Жұмысшының жағдайын жоғарыдан бақылап тұрған адамдар бірден құтқарушыларды шақыртыпты. Төменге түскен құтқарушы ес-түссіз жатқан жігітке тыныс алу аппараты арқылы дем берген.

Жігітті арнайы құрылғының көмегімен жоғарыға алып шыққан. Ажал аузынан аман қалған жанды дереу ауруханаға жеткізген. Аман қалған азаматтың өміріне қазір қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз