Шыңғырлауда мал басы өсім беруде

Мал қыстағы  биыл Шыңғырлау ауданында  ойдағыдай өтті. Қыстақтан  қысылмауды  ойлаған шаруа жандар өткен  жаздан бастап күзге дейін мал азығын  жиып, есесіне мал басының  қоңын кетірмей,  міне, енді мал  төлдету науқанында   қарқынды бастағанды. Нәтижесінде  жыл басынан бері  458 бас бұзау, 716 қозы, 345 лақ  алынып, төрт түлік мал басы күннен –күнге  көбеюде.Әсіресе, сәуір айында  мал басы  тым тәуір еселенеді деп күтілуде.


   Бүгінгі таңда аудан бойынша 22104  мүйізді ірі қара, 31160 қой мен ешкі,  4519 жылқы, 51 түйе бар, ал қыстақтардағы   мал азығының көлемі  14800  тонна .Қар кетіп, мал тұяғы қырға іліккенше бұл мал қоры жеткілікті  болмақ дейді ауыл шаруашылық мамандары.

  Айта кету жөн,мал  қыстатылып отырылған  нүктелерде   электр жарығы  қыс бойы үзілссіз болса, сонымен қатар екі ортаға  қатынайтын жолдары да үнемі ашық. Демек, қыстан қысылмай шыққан төрт түлік малдың  шаруа  жандар биылғы жылы да өсімін  көрмек.

Айсұлу  Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз