Тәуелсіздікке тарту

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып Бөкей Ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде гір спортынан және үстел теннисінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс оздырылды. Гір тасын көтеруге 19 спортшы қатысып, жарыс толық айналым түрінде өтті. 1997-1999 жылы туған жасөспірімдер арасынан 24 келі гір тасын 31 рет көтерген Қуаныш Қалдуков жүлделі І орынды иеленсе, Нұрзат Шәңгерей ІІ, ал, 16 келі гір тасын 27 рет еңсерген Дидар Сахратов ІІІ орынды иемденді. 2000-2001 жылы туғандар және одан да кіші жасөспірімдер арасында 16 келі гір тасын 54 рет көтерген Мейрамбек Мұқаевтың асығы алшысынан түссе, одан кейінгі жүлдегерлер сапын Елдос Мұқанов пен  Алмас Ерболатов жалғады.


Үстел теннисінен өткен жарыста да  Қуаныш Калдуков (1997-1999 жылы туған жасөспірімдер арасынан) жеңімпаз атанып, өзінің жан-жақтылығын байқатса, Айымбек Сапи жүлделі ІІ, Нұрзат Шәңгерей ІІІ орыннан көрінді.

2000-2001 жылы туғандар және оданда кіші жасөспірімдер арасында Азамат Насыров І орынды, Мақсат Абдығалиев ІІ орынды, Нұрислам Өтеғалиев ІІІ орынды иеленді. Осындай жарыс қыздар арасында да оздырылып, Нұрбике Рахметоллина І орынды, Елнура  Хажығалиева ІІ орынды, Әсем Нұралы ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Жарыс соңында жеңімпаздар медаль, кубок, дипломдармен марапатталды.

Н.САРИЕВ

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз