Ыстық ауа райы республиканың көптеген облыстарында сақталады

Синоптиктердің болжамы бойынша ыстық ауа райы республиканың көптеген облыстарында сақталады деп хабарлайды 31 арна.

 

Қазақстанның ауа райына алдағы үш тәулікте негізінен антициклон әсер ететін болады. Бірақ батыста, солтүстікте жекелеген аудандарда оның шеті бойынша, 11 тамызда шығыста және оңтүстік-шығыста найзағай мен өткінші жаңбыр болуы мүмкін.

Бұл ретте 3-7ºС әдеттегіден жоғары аномальды температурамен ыстық ауа райы республиканың көптеген облыстарында сақталады. Батыста және оңтүстікте күндізгі температура 33-38, кей жерлерде 41ºС плюске дейін көтерілетін болады, солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарда максимальды температура 30-37º плюске дейін көтеріледі.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз